Қарағанды ​​облысында көлік өзенге түсіп кетті: екі адам қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
Қарағанды ​​облысында көлік өзенге түсіп кетті: екі адам қаза тапты

Қарағанды​​-Қарқаралы тасжолында көлік өзенге құлап, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды​​-Қарқаралы тасжолында көлік өзенге құлап, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 9 шілдеде сағат 18.15 шамасында Қарағанды-Қарқаралы тасжолдың 34-шақырымында болған.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Кадрлардан бір топ адам құтқарушылар келгенге дейін көлікті судан шығаруға әрекеттенгенін байқауға болады. Олар көлікті арқанның көмегімен судан шығармақ болған.

Жарнама
Жарнама

Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, өзенге құлаған Audi-80 көлігін 56 жастағы жүргізуші тізгіндеген. Алдын ала болжам бойынша, ол рөлді басқара алмай, өзенге аударылып қалған.

"Жол апаты салдарынан 70 және 56 жастағы жолаушылар оқиға орнында қаза тапты. Көлік жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Факт полицияға тіркеліп, қорытындысы бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Нәтижесі бойынша процессуалдық шешімдер қабылданады", - деді Қарағанды ​​облысы бойынша ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама