ПОДЕЛИТЬСЯ
21 сәуір 2021 | 12:36
Қарағанды облысында құлаған ұшақ: апаттың ықтимал себебі айтылды
Қорғаныс министрлігі Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағының апатқа ұшырауының ықтимал себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қорғаныс министрлігі Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағының апатқа ұшырауының ықтимал себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қарағанды облысында Су-30СМ ұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру жөніндегі арнайы комиссия барлық ықтимал нұсқаны қарастырып жатыр. Олардың бірі - әскери борттың құстарға соқтығысуы.
(...) Құс соғылған кезде қозғалтқыш ажыратылады, ал егер бірнеше құс болса, онда екі қозғалтқыш істен шығады. Авиацияда бұл ең қауіпті жағдай саналады. Өйткені ұшақтар қозғалтқыштардың кем дегенде біреуі жұмыс істесе, ұшуын жалғастыра алады және қауіпсіз қонады", - деді Қорғаныс министрлігі өкілдері.
Қазіргі уақытта әуежайлар мен әскери аэродромдар құстарды қорқытатын құрылғылармен жабдықталған. Бұл үшін акустикалық зеңбіректер, пиротехника және басқа да құралдар қолданылады. Дүниежүзінде құстарға қатысы авиация мәселелерін толық шешу жолы әлі табылған жоқ. Сондықтан мұндай жағдайлар үнемі болып тұрады. Статистикалық мәліметтер бойынша, әлемде жылына 5 мыңнан аса әуе кемесінің құстармен соқтығысу жағдайы тіркеледі екен.
"Ұшқыштар ұшақты басқару кезінде өміріне қауіп төнгенше қолдан келгеннің бәрін жасады. Ұшақ басқарылмай, кабина түтінге толып, тұрғындардың өміріне қауіп төнбейтініне, сондай-ақ жердегі нысандар қирамайтынына көз жеткізгенде, ұшқыштар катапульт шешімін қабылдады.
Ұшқыштар ұшақты соңына дейін сақтап қалуға және оны әскери бөлімнің арнайы құтқару бөлімшелері орналасқан әуеайлаққа қондыруға тырысты", - деді министрліктегілер.
Ведомство мәліметі бойынша, екі ұшқыш та екінші санатта және кәсіби тәжірибесі жеткілікті. Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтын бітірген. Ұшқыштардың ұшу уақыты шамамен 1500 сағат.
Айта кетейік, 16 сәуірде Қарағанды облысындағы Балқаштағы оқу авиациялық орталығында Су-30СМ көпфункционалды жойғыш ұшақ апатқа ұшырағаны хабарланған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также