Қарағанды ​​облысында мешіт өртеніп кетті

Фото:depositphotos.com

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында мешіттердің бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында мешіттердің бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Бірінші Қарағанды” телеарнасы мәліметінше, Томар ауылында оқиға салдарынан жергілікті мешіттің ғимараты толығымен жанып кеткен.

Өрт кешкі уақытта, ғимарат бос болған кезде басталған.

Реклама
Реклама

“От жылдам таралып, ғимаратты толық жалын шарпыған, ал қою түтін алыстан да байқалды”, – делінген материалда.

Жергілікті тұрғындар құтқарушылар келгенге дейін жалынды сөндіруге тырысқанымен, олардың күші жеткіліксіз болды. Өрттің себептері анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама