05 желтоқсан 2020 | 14:00

Қарағанды облысында өрттен үш адам қаза тапты

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қарағанды облысында өрттен үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысында өрттен үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Реклама
Реклама

4 желтоқсанда сағат 12.28-де Абай қаласында бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Үйдегі заттар мен ағаштан жасалған терезе жақтаулары жанған. Ақпарат бойынша, өрт көлемі 5 шаршы метр. Өртсөндірушілер баспалдақ арқылы 2 адамды эвакуациялаған. 

"Өрт сағат 12.45-те толық сөндірілді. Оқиға болған жерде 1962 жылы туған пәтер иесі қаза болды. 1953 жылы туған ер адам улы газбен уланып, ауруханаға жатқызылды. Алдын ала болжам бойынша, апат себебі өрт қауіпсіздігінің сақталмауы", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 5 желтоқсанда сағат 07.34-те Шахтинск қаласының Шахан кентінде бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде өрт шықты. Ол 40 шаршы метр алаңды шарпыды. Өртсөндірушілер кіреберістен баспалдақ арқылы 3 адамды эвакуациялады.


Суреттер: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

"Оқиға болған жерде 1957 жылы туған ер адам және 1962 жылғы әйел қаза болды. Қабылдданған шаралардың арқасында өрт сағат 08.45-те сөндірілді. Оған ТЖД бөлімшелерінен 16 адам мен 3 техника жұмылды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің себебі ашық от көзі (сіріңке, темекі, шам және т.б.)", - делінген хабарламада.

ҚР ТЖМ өкілдері барша қазақстандықты өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная