Қарағанды облысында пойыз 21 бас қойды басып кетті

Қарағанды облысында пойыз 21 бас қойды басып кетті , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысында пойыз 21 бас қойды басып кетті , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, 17 маусымда Новалы - Сары Шаған жолында жолаушылар пойызы 21 бас қой табынын қағып кетті.

Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде үй жануарларының иесі анықталды, Қарағанды облысы Сарышаған кентінің 30 жастағы тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБК 559-бабының 1-бөлімі бойынша), темір жолға бөлінген алқапта мал бағу үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Реклама
Реклама

"Көлік полицейлері тағы да қадағалаусыз жүрген малдың пойыз қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін ескертеді. Тәртіп сақшылары азаматтардан теміржол нысандарында жүру ережелерін мүлтіксіз сақтауды, сондай-ақғ теміржол өтетін елді мекендердің барлық тұрғынына үй жануарларын жаю ережелерін сақтауды және олардың теміржол маңында жүруге жол бермеуді сұрайды", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама