25 наурыз 2022 15:45

Қарағанды ​​облысында шахтада кенші қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: instagram.com/profsouz_korgay

Қарағанды ​​облысындағы "Саранская" шахтасында тау-кен массасы опырылып, салдарынан 56 жастағы кенші қаза тапты. Бұл туралы "Қорғау" көміршілер кәсіподағы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Саранская шахтасында жобалау жұмыстары кезінде тау жыныстары құлап, нәтижесінде Бертагин Талғат Аяпбергенұлы қаза тапты. "Қорғау" көміршілер кәсіподағы кеншілері қаза болған кеншінің туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Ақпарат "АрселорМиттал Теміртау" АҚ ресми сайтында расталды.

Реклама
Реклама

"24 наурызда "Саранская" шахтасында тау жынысы құлап, 1965 жылы туған кенші қаза тапты. Кәсіпорында комиссия жұмыс істеп жатыр. Апаттың мән-жайы анықталып жатыр", - деді компания өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram