25 ақпан 2021 | 16:26

Қарағанды облысында шахтерлер отырған автобус жыраға аударылып түсті

Видеодан алынған кадр

Қарағанды облысында шахтерлер отырған автобус боран кезінде жыраға аударылып түсті. Салдарынан бірнеше адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында шахтерлер отырған автобус боран кезінде жыраға аударылып түсті. Салдарынан бірнеше адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде 25 ақпанда таңертең "Қазақстан" шахтасына жол тартқан шахтерлер отырған автобус апатқа ұшырағаны туралы ақпарат пайда болды. Хабарламада автобус ауа райының қолайсыздығына байланысты жыраға түсіп кеткені айтылған. Жол-көлік оқиғасы кезінде автобус салонында шахтаның 50 қызметкері болған. Олардың сегізі жараланған-мыс. 

Реклама
Реклама

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының баспасөз қызметі өкілі апаттың болғанын растады. Компания мәліметінше, зардап шеккендердің ешқайсы ауыр жарақат алмаған.

"Мердігердің автобусы жол апатына түсті. Бірнеше жолаушы жеңіл жарақат алып, медицина мекемесінде бақылауда қалды", - деп хабарлады "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, 25 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның барлық дерлік облысында жолдар жабылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram