02 шілде 2024 11:34

Қарағанды ​​облысында сүңгуірлер суға батып кеткен 15 жастағы оқушының денесін тапты

Фото: Қарағанды ​​облысы ТЖД баспасөз қызметі

Қарағанды ​​облысында сүңгуірлер Нұра өзенінен 15 жастағы оқушы қыздың денесін тапты. Оны іздеу үш күнге созылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды ​​облысында сүңгуірлер Нұра өзенінен 15 жастағы оқушы қыздың денесін тапты. Оны іздеу үш күнге созылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

29 маусымда Бұқар жырау ауданында екі қыздың суға батып кеткені белгілі болды. Олар 13 және 15 жаста болған.

Қызылжар ауылының маңында оқушы қыздар суға батып кеткен. Олардың бірі бірден табылды, екіншісін іздеу үш күнге созылған. Оған Төтенше жағдайлар департаментінің, полицияның және Теміртау аңшылар мен балықшылар қоғамының 40 қызметкері, туыстары мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылғаны айтылды. Құтқарушылар Нұра өзенінің түбін, арнасын және жағалау аймағын тексерген.

Реклама
Реклама

"Бүгін таңғы сағат 08:50-де сүңгуірлер 15 жастағы қыздың денесін тапты. Ол өзеннен шомылу орнынан шамамен 1300 метр қашықтықта табылды. Іздестіруге 40 адам, 9 техника және 7 жүзу құралдары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстарын жүргізу нашар көріну мен ағынға байланысты қиындады. Бұл оқиға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын көрсетеді", - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Қайрат Нұртас ұсталды