ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қаңтар 2024 | 14:44
Қарағанды облысындағы жарылыс: тың мәлімет пен суреттер жарияланды
Қарағанды облысында көпқабатты тұрғын үйдегі жарылысқа қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағанды облысында көпқабатты тұрғын үйдегі жарылысқа қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұқар жырау ауданы, Ботақара ауылындағы тұрғын үйдегі газ баллонының жарылуы салдарынан Өзбекстанның екі азаматы зардап шекті. Түнгі оқиғаның жай-жапсарын Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Аманбек Бейсембаев айтып берді.
Жарылыс туралы хабар 30 қаңтарда сағат 00:07-де түскен. Құтқарушылар оқиға орнына 00:11-де жетті. Олар дереу құтқару жұмыстарына кірісіп, құлаған еден плиталарын бөлшектеп, үйінді астынан жеті адамды алып шыққан, олардың екеуі қаза тапты.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта зардап шеккен бес адамның екеуі амбулаторлық емдеуге жіберілгені белгілі болды. Үшеуі медициналық мекемелерде қалды. Олардың арасында бір бала бар. Ол реанимацияда жатыр.
"Жарылыстың алдын ала себебі - газ баллонының дұрыс жұмыс істемеуі. Біз баллон қайда толтырылғанын, қалай тасымалданғанын және т.б. мәліметті әлі білмейміз. Оқиғаға кім кінәлі екенін құқық қорғау органдары анықтайды. Болжам бойынша, газ баллоны суықтан жылы бөлмеге кіргізілген, салдары осындай болды", - деді Аманбек Бейсембаев.
Қазіргі уақытта үйінділер тазартылды. Жергілікті атқарушы органдар баспанасыз қалған зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетуге уәде беріп отыр. Қазіргі уақытта Ботақарада жергілікті төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлады Бұқар жырау ауданының әкімі Абылай Сұлтанғали.
Қарағанды облысында тұрғын үйде газ жарылып, екі адам қаза тапты
Сондай-ақ, қазіргі уақытта зардап шеккен бес адамның екеуі амбулаторлық ем алуға жіберілгені белгілі болды. Үшеуі медициналық мекемелерде жатыр. Олардың арасында бір бала бар. Ол реанимацияда жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также