ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қараша 2024 | 16:55
Қарағанды облысындағы тасжолда көлік жол жиегіне аударылып қалды: 7 адам қаза тапты
Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасынан жеті адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасынан жеті адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
15 қарашада таңғы сағат 10 шамасында Алматы – Екатеринбург тасжолында, Курминка ауылынан екі шақырым жерінде, Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі, алдын ала мәлімет бойынша, көктайғақ жағдайында рөлге ие бола алмай, жол жиегіне аударылып қалған.
"Жол апаты салдарынан жүргізуші және алты жолаушы, оның ішінде екі бала оқиға орнында қаза тапты. 12 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қарағанды облысының Полиция департаменті жүргізушілерге жолда мұқият болып, жол жүру ережелерін сақтау және жылдамдық режимін бұзбау туралы үндеу жасады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также