09 наурыз 2019 | 12:28

Қарағанды орталығындағы аялдамада ер адамдар төбелесті

© instagram/vkaragande.kz

8 наурызда күндіз Қарағанды орталығындағы аялдамада төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

8 наурызда күндіз Қарағанды орталығындағы аялдамада төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Куәгерлердің айтуынша, мас жолаушылар автобус жүргізушісі мен кондукторға шабуыл жасаған. Оқиғаны телефон камерасына түсіріп, видео Желіде жарияланды. "Мереке құтты болсын арулар! Біздің серілер сіздердің ар-намыстарыңыз үшін күресіп жатыр", - делінген Instagram желісіндегі vkaragande.kz парақшасында жарияланған видеоның сипаттамасында. 

Реклама
Реклама

Ескерту, видеода бейәдеп сөздер айтылады.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

С праздником, дамы! Наши доблестные рыцари бьются за вашу честь!

Публикация от Караганда | Новости ©️ (@vkaragande.kz) 8 Мар 2019 в 4:50 PST

"Бұл 127-ші бағытында ("Шахан - Қарағанды" бағытында жүретін автобус - автор түсіндірмесі) жүретін қоғамдық көлік. Сылқия тойып алған екі ер адам таңғы 10-да автобусқа кірді, кондуктор оларға ескерту жасады. Олар ешбір сөз айтпастан, жұдырық ала жүгірді. Жол-жөнекей өтіп бара жатқандар мен жолаушылар оларды ажыратты. Жүргізуші мен кондуктордың еш кінәсі жоқ", - деді оқиғаның куәгері. 

Қазіргі уақытта, полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. "Осы дерекке қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері кінәлі адамдарды анықтап, ұстау үшін қажетті шаралар жүргізіп жатыр", - делінген облыстық полиция департаментінің өкілдері. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная