13 желтоқсан 2021 | 14:04

Қарағанды тұрғыны "балгерге" 12 миллион теңгесін беріп қойған

Жансая Қадыржанова Корреспондент
elements.envato.com

Қарағанды тұрғыны "балгерге" 12 миллион теңгесін беріп қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.  

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды тұрғыны "балгерге" 12 миллион теңгесін беріп қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.  

7 желтоқсанда Қарағанды қаласы ПБ Киров полиция бөліміне 41 жастағы қала тұрғынынан өтініш түскен. Ол әлеуметтік желілердегі "Тегін жору" деген жарнамаға көзі түскенін айтқан, жәбірленуші оны бір әйел салғанына сенімді болған.

"Хат алмасу барысында белгісіз азамат жәбірленушінің сеніміне кіріп, түрлі нәрсе айтып, оны адастырған. Осылайша, өтініш беруші онлайн-аударымдар арқылы шам мен салтқа керек-жарақтарды сатып алуға жалпы сомасы 12 миллион 266 мың теңге аударған. Бірақ тапсырыс жасалмаған. Алданып қалғанын түсінген әйел полицияға жүгінді", - деді Қарағанды облысының ПД өкілі.

Реклама
Реклама

10 желтоқсанда жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері "балгерді" ұстады. "Балгер" 23 жастағы жігіт болып шыққан. Ол кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды.

Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-ның 190-бабы "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция қызметкерлері ұсталған адамның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная