04 ақпан 2021 | 12:01

Қарағанды тұрғыны пойызда 2 миллион теңгедей ұмытып кеткен

Фото: ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пойызда екі миллион теңгедей ұмытып кеткен қарағандылыққа ақшасы қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Пойызда екі миллион теңгедей ұмытып кеткен қарағандылыққа ақшасы қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

41 жастағы қарағандылық 3 ақпанда Нұр-Сұлтан желілік полиция бөлімшесіне барған. Ер адам Шымкент - Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол пойызында 1,9 миллион теңгесін ұмытып кеткені белгілі болды. Ақша туралы пойыздан шыққан кезде ғана есіне түскен. 

Реклама
Реклама

"Бұл жағдайда не істеу керегін білмей, ол таксиге отырып Нұрлы Жол теміржол вокзалына барған. Ол жаққа жолаушылар пойызы келуі керек еді. Осы уақытта патрульдік полиция тобының сержанты Берік Аққалиев қызметте болған.

Полиция сержанты өтінішті тыңдап, дереу қажетті іздестіру шараларын жүргізді. Сержанттың үйлесімді және жедел іс-әрекетінің нәтижесінде 1,9 миллион теңге салынған сөмке табылып, иесіне берілді", - деді көліктегі ПД қызметкері.

Ер адам тәртіп сақшыларына алғыс айтты. Ал олар өз кезегінде жолаушылардан заттарына мұқият болуды сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная