02 қыркүйек 2024 | 16:48

Қарағандыда 6 көлік соқтығысты: бір адам қаза тапты

видео кадры

Қарағандыда алты көлік соқтығысқан жантүршігерлік жол апаты болды. Апат салдарынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда алты көлік соқтығысқан жантүршігерлік жол апаты болды. Апат салдарынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аманжолов көшесінде жаппай жол апаты болды. Әлеуметтік желіде оқиғаның кадрлары пайда болды. Бейнежазбада сынған және бүлінген көліктерді көруге болады. Кадр сыртынан жәбірленушілердің бірінің ыңыранғаны естіледі. Оқиғаның куәгері соқтығыс кезінде зардап шеккендердің бірі көліктен ұшып кеткенін айтады.

Оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Қарағанды ​​облысының ПД баспасөз қызметі жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

Реклама
Реклама

"Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Жағдайлар анықталып жатыр. Қарағанды облысының ПД жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимінен аспауға шақырады", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram