Қарағандыда "Алтын Арба" базарындағы үш дәмхана өртенді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Қарағандыда "Алтын Арба" базарындағы үш дәмхана өртенді

Қарағандыда "Алтын Арба" базарындағы үш дәмхана өртенді. Өрт сөндіруге 52 құтқарушы мен 15 техника жұмылдырылды. Өрт аумағы 500 шаршы метр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандыда "Алтын Арба" базарындағы үш дәмхана өртенді. Өрт сөндіруге 52 құтқарушы мен 15 техника жұмылдырылды. Өрт аумағы 500 шаршы метр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Базарда өрт шыққаны туралы хабарлама өрт сөндіру қызметіне 01.03-те келіп түскен. Оқиға орнына бірден Қарағанды облысы ТЖД күштері жіберілген. Оқиға орнына келген олар "Алтын Арба" базары аумағындағы үш фаст-фуд нысанында ағаш қаптама, жылытқыш, жиһаз, жабдықтар мен ас үй керек-жарақтары жанып жатқанын анықтаған.

Жарнама
Жарнама

Өрттің жалпы аумағы - 500 шаршы метр.

"Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт 01.52-де ауыздықталды. Өртті сөндіруге 52 қызметкер мен 15 техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

Қарағанды облысы ТЖД ұсынған суреттер мен видео

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама