ПОДЕЛИТЬСЯ
21 шілде 2022 | 13:57
Қарағандыда асфальт опырылды
Қарағандыда кәрізге жақын жерде асфальт опырылды. Оқиға болған жер уақытша жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағандыда кәрізге жақын жерде асфальт опырылды. Оқиға болған жер уақытша жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Асфальт 21 шілдеге қараған түні 16-шағынаудандағы Майлин мен Өркен көшелерінің қиылысында болған. Опырылған жерде тереңдігі үш метр, ені екі метр шұңқыр пайда болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.
"Қарағанды Су" ЖШС мәліметінше, апат болған жерге жедел топ аттанған.
"21 шілдеге қараған түні 16-ықшамаудандағы Майлин көшесінде "Қарағанды Су" ЖШС-нің кәріз коллекторында асфальт опырылып, төтенше жағдай болды. Оқиға орнына дереу бригада барды, олар қоршаулар мен белгілер қойып, кезекшілікте болды", - деді "Қарағанды Су" ЖШС өкілдері.
Бүгін таңертең коммуналдық қызмет бригадасы ақауды жою үшін кәріз жүйесіндегі апаттық жұмыстарды бастады. Компания алдағы уақытта асфальт төсеніштері қалпына келтірілетінін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также