12 тамыз 2021 | 14:39

Қарағандыда ауыл әкімі әйелді ұрды деп айыпталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қарағанды қаласының 54 жастағы тұрғыны Осакаров ауданы Пионер ауылдық округінің әкімінің үстінен полицияға арыз берген. Тұрғын шенеунікке ұрды деп айып таққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды қаласының 54 жастағы тұрғыны Осакаров ауданы Пионер ауылдық округінің әкімінің үстінен полицияға арыз берген. Тұрғын шенеунікке ұрды деп айып таққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Арызданушы Қарағанды қаласының оңтүстік-шығыс полиция бөліміне жүгінген. Оның айтуынша, онымен шенеунік арасындағы жанжал Шахтерлер даңғылындағы үйдің кіреберісі маңында болған. Жәбірленуші дене жарақатын алғанын айтты.

Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, өтініш берушінің денсаулығына жеңіл зиян келтірілген. Бұл оқиғаға полиция пікір білдірді.

Реклама
Реклама

"Дерек бойынша полиция қызметкерлері Осакаров ауданының 49 жастағы тұрғынын анықтады. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБК-нің 73-1-бабы "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, жағдайға қатысты мемлекеттік қызметкердің әдеп жөніндегі уәкілі, Осакаров ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Ламбеков те пікір білдірді. Ол қазіргі уақытта Пионер ауылдық округінің әкімі демалыста екенін айтты.

"Ол 1 қыркүйекке дейін демалыста. Бұл оқиғаның мән-жайын білмейміз. Ол жұмысқа шыққан бойда арнайы тексеру жүргіземіз. Білуімізше, өтініш беруші оның туысы. Бұл тұрмыстық жанжал шығар, мүмкін олар татуласады. Қалай болғанда да, сот шешімін күтеміз. Ол демалыста жүргенде біз ештеңе істей алмаймыз", - деді Нұрлан Ламбеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная