02 наурыз 2021 12:40

Қарағандыда автокөлік пен автобус соқтығысты: бір адам қаза тапты

Фото: instagram.com/dorogi_karagandy

Қарағандыда автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып, салдарынан бір адам қаза болды, тағы біреуі ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып, салдарынан бір адам қаза болды, тағы біреуі ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты бүгін, 2 наурызда таңертең Майқұдық пен Сортировка арасындағы жолда болды. Алдын ала мәлімет бойынша, автобусты ВАЗ-2114 автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі арандатты. Ол көлікті басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, сол жерде №118 жолаушылар автобусына соғылған.

Реклама
Реклама

Соқтығысу салдарынан көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, ал көлігінде отырған жолаушы алған жарақаттарынан қайтыс болды. Оқиға болған жерден түсірілген фото мен видеолар Интернетте жарияланды.

"Автобуста 45 жолаушы болған. Олар тірі. ВАЗ-2114 көлігінің 21 жастағы жүргізушісі ауруханаға жатқызылды, ал оның 23 жастағы жолаушысы қаза тапты. Соталды тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

 

Фото:instagram.com/sergek_karaganda

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram