Қарағандыда жеңіл көлік аялдамаға соғылып, жол-көлік оқиғасы салдарынан автобусты күтіп тұрған әйел зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жол апаты шамамен сағат 8:20-да Тәттімбет көшесінде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ВАЗ-2111 автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі KIA автокөлігімен соқтығысудан қашып, манёвр жасау барысында Mercedes автокөлігімен соқтығысқан.
Бұл кезде KIA жүргізушісі жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында аялдама павильонына соғылған. Онда әйел автобус күтіп тұрған.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 52 жастағы әйел медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған дерек тіркелді, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Зардап шеккен әйелдің жағдайы әзірге белгісіз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!