16 шілде 2022 | 10:52

Қарағандыда әйел жаңа туған сәбиін қорапқа салып, үй ауласына тастап кеткен

Жансая Қадыржанова Корреспондент
elements.envato.com

Қарағандыда белгісіз біреу үй ауласына жаңа туған сәбиді қорапқа салып, тастап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда белгісіз біреу үй ауласына жаңа туған сәбиді қорапқа салып, тастап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

15 шілдеде сағат 21.00-де Қарағандының орталық Полиция бөліміне қаладағы медициналық мекемелердің біріне көпқабатты үй ауласынан табылған жаңа туған сәби (ұл бала) жеткізілгені хабарланған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келген.

"21 жастағы куәгер кешке үйдің кіреберісінен шығып, орындықтың маңынан көрпеге оралған сәби салынған қағаз қорапты көрген. Қыз оны қолына алып, жақын маңдағы медициналық мекемеге апарған. Дәрігерлердің айтуынша, сәби шамамен екі сағат бұрын үйде дүниеге келген. Бала шала туған, ауыр халде. Қазір ол перинаталды орталықта, дәрігерлердің бақылауында", - деді полицейлер.

Реклама
Реклама

Полицейлер баланың анасын - 23 жастағы облыс тұрғынын ұстаған. Бұл дерек полицияда тіркелген. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная