12 қазан 2021 11:29

Қарағандыда әйелдің өлімінен кейін аттракцион қызметшісі қамалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Видеодан кадрлар

Қарағандыда 33 жастағы әйел қайтыс болғаннан кейін арқанмен секіруден нұсқау көрсететін аттракцион қызметшісі уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда 33 жастағы әйел қайтыс болғаннан кейін арқанмен секіруден нұсқау көрсететін аттракцион қызметшісі уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция қауіпсіздік шараларын өрескел бұзды деген күдікпен арқанмен секіру аттракционының 32 жастағы қызметшісін ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Тергеу барысында қауіпсіздік шараларын өрескел бұзған 32 жастағы аттракцион нұсқаушысы анықталды. Күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 10 қазанда Қарағандыда арқанмен секіру кезінде Шахтинск қаласының 33 жастағы тұрғыны Евгения Леонтьева қайтыс болды. Әйелге 4 қазанда туған күніне 30 метрлік биіктіктен секіру сертификаты берілген. Секіру кезінде ол бетон конструкциясына соғылып, ауыр жарақат алды. Дәрігерлер краниотомия жасады, бірақ оны құтқара алмады. Марқұмның үш баласы мен күйеуі бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram