ПОДЕЛИТЬСЯ
19 маусым 2023 | 17:49
Қарағандыда балалар алаңын жел ұшырып әкетті: зардап шеккендер саны көбейді
Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ойын алаңында зардап шеккен балалардың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ойын алаңында зардап шеккен балалардың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, оқиға салдарынан сегіз және тоғыз жастағы екі бала медициналық мекемелерге жатқызылған. Олардың бірі жарақат алып, жансақтау бөлімінде жатыр.
"Профессор Мақажанов атындағы емханаға ауыр бас-ми жарақатымен 2015 жылы туған бала жеткізілді. Маңдай сүйегінің сынуы, бас сүйек және білек сүйектерінің сынуы. Ол жансақтауға жатқызылды. 2014 жылы туған баланың миы шайқалған және іші көгерген, облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. Бөлімшеге жатқызылды", - деді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері.
Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожухов жағдайға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, балалар жарақат алған ойын алаңы әлі пайдалануға берілмеген.
"Бүгін екпінді жел "Голубые пруды" шағынауданында көгалды жұлып әкетті. Екі бала зардап шекті, олар қазір ауруханада, тексерулер жүргізіліп, барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Мердігер бұл көгалды жайластыруды өткен аптада бастады, ол периметрі бойынша бекітілді, бірақ іске қосылмады, өйткені ойын элементтерін орнату жалғасуы керек. Ата-аналарды осындай ауа райында балаларын көшеге қараусыз қалдырмауларын сұраймын. Мен екі аудан әкіміне барлық ойын алаңдары мен көгалдардың бекітілуін тексеруді тапсырдым", - деді Мейрам Қожухов.
Еске салайық, бүгін Қарағандыда "Голубые пруды" шағынауданындағы балалар алаңын жел ұшырып кеткен болатын. Зардап шеккен бір бала туралы хабарланған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также