Қарағандыда ер адам көлікпен ағашқа соғылып, тірідей жанып кетті

Дина Шарипханова Корреспондент
Қарағандыда ер адам көлікпен ағашқа соғылып, тірідей жанып кетті Фото: Қарағанды ​​облысы ТЖД баспасөз қызметі

Қарағандыда 41 жастағы ер адам көлігімен ағашқа соғылып, тірідей жанып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандыда 41 жастағы ер адам көлігімен ағашқа соғылып, тірідей жанып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жантүршігерлік жол апаты қаладағы Вагонная көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам көлікті басқара алмай, ағашқа соғылған. Артынша Mercedes-Benz 124 автокөлігі жанып кеткен.

Реклама
Реклама

Қарағанды облысының ТЖД өкілдері бұл жайтқа қатысты пікір білдірді.

"Жол апаты салдарынан 1982 жылы туған ер адам қайтыс болды. Өрт 18.08-де сөнідірілді", - дейді ведомство өкілдері.

Ресми деректер бойынша, жол апатына қатысты сараптама тағайындалған.

"Факт полицияда тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама