Қарағандыда жатақханадағы өрттен кейін студенттер ауруханаға түсті

Қарағанды облысы ТЖД

Қарағандыда университет жатақханасындағы өрт салдарынан 10 студент ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандыда университет жатақханасындағы өрт салдарынан 10 студент ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2 сәуірге қараған түні Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тоғыз қабатты жатақханасында өрт шыққан. Өңірдің ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, ғимараттың бірінші қабатында қоқыс жәшігінде 1,5 шаршы метр аумақта қоқыс жанған.

"ТЖД күштері жатақханадан төрт адамды құтқарды. Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің арқасында өрт 19 минут ішінде сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі – ашық от көзі", – деп хабарлады ТЖД.

Өрттің аумағы үлкен болмағанына және құтқарушылардың жедел жұмысына қарамастан, зардап шеккендер бар. Он студент Макажанов атындағы ауруханаға және облыстық балалар клиникалық ауруханасына кеңейтілген тексеру үшін жеткізілген.

"Олардың ауруханаға түскен кездегі жағдайы тұрақты деп бағаланды және қазіргі уақытта нашарлау жоқ. Қосымша тексеру жүргізіліп жатыр, содан кейін амбулаториялық емдеу тағайындалады", – деп хабарлады Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная