27 наурыз 2021 | 16:02

Қарағандыда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты: бір адам қаза тапты

Видеодан алынған кадр

Қарағандыда жеңіл автокөлік жолаушылар автобусымен соқтығысып, салдарынан Honda жүргізушісі қаза тапты, екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда жеңіл автокөлік жолаушылар автобусымен соқтығысып, салдарынан Honda жүргізушісі қаза тапты, екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты Қарағандының Октябрь ауданында болған. Honda көлігін 34 жастағы ер адам басқарып келе жатқан.

Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер жүргізуші алдын ала мәлімет бойынша көлігін басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, 118 автобусқа соқтығысқанын хабарлады.

Реклама
Реклама

Апат салдарынан Honda автокөлігінің жүргізушісі оқиға болған жерде көз жұмды.

"Жол-көлік оқиғасы кезінде автобус салонында 30-ға жуық жолаушы болған, олардың екеуіне медициналық көмек көрсетілді.

Аталған дерекке "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі ережелерін бұзу"  бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная