26 наурыз 2021 16:23

Қарағандыда жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам автобус жүргізген

Видео кадры

Қарағандыда жалған мемлекеттік номермен жүрген және көлік жүргізу құқығынан айырылған автобус жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда жалған мемлекеттік номермен жүрген және көлік жүргізу құқығынан айырылған автобус жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жүргізу куәлігі жоқ жүргізуші № 29 жолаушылар автобусын айдап келе жатқан. Оны 24 наурызда жолаушылардың бірі жүргізуші бағдаршамда қызыл түске өтіп, жаяу жүргіншілерді қағып кете жаздағанын айтып, полицияға хабарлағаннан кейін жол-патрульдік қызметі ұстаған.  

Оқиға Гоголь көшесіндегі "Боулинг" аялдамасында болған. Қарағандылық тұрғын полицейлердің келгенін күтіп, болған жайтты видеоға түсіріп алған. 

Реклама
Реклама

Тексеріс кезінде жүргізуші былтыр қыркүйекте көлік жүргізу құқығынан алты айға айырылғаны анықталған. Мерзім өткеннен кейін ол құжаттарды қайта қалпына келтірмеген. Сонымен қатар, оның автобусты жалған мемлекеттік номермен айдап жүргені анықталды.  

"Жүргізушіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша үш әкімшілік хаттама жасалды: 590-бабының 3-бөлігі бойынша, 590-бабының 4-бөлігі бойынша және 612-бабының 2-бөлігі бойынша. Автобус айып тұрағына апарылды. Әкімшілік материал Қарағандының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды", - деді Қарағанды полиция басқармасы полкінің командирі Рысқали Жазықбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram