Қарағандыда жеңіл көлік асқан жылдамдықпен жаяу жүргіншілер жолына шығып кетіп, екі адамды қақты. Олардың бірі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы түнгі уақытта болған.
Қарағанды облыстық Полиция департаменті мәліметінше, Audi маркалы көлік жүргізушісі Бұқар жырау даңғылы бойымен Дүйсенбеков көшесіне қарай келе жатып, жылдамдықты асырып, тізгінге ие бола алмай, жаяу жүргіншілерді қағып кеткен.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды. Ал екінші жаяу жүргінші, сондай-ақ көлік жүргізушісі мен жолаушы түрлі жарақаттармен облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!