Қарағандыда көпқабатты үйден өрт шығып, үш адам қаза тапты

Қарағандыда көпқабатты үйдегі өрттен үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы аймақтың ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Қарағандыда көпқабатты үйдегі өрттен үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы аймақтың ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Ведомствоның хабарлауынша, 7 қазанда сағат 15:08-де Ермеков көшесі, 52 үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. 9-қабатта екі бөлмелі пәтерден өрт шыққан.

Реклама
Реклама

Подъезд пәтерлерінен құтқару қалпақшаларының көмегімен екі адам құтқарылды және 15 адам эвакуацияланды. Өрт 16:22-де сөндірілді. Өрт болған жерде 32 қызметкер, ТЖД техникасының 8 бірлігі, Апаттар медицинасы орталығының тобы жұмылдырылды.

Өрт шыққан пәтерден үш мәйіт табылды: 1942 және 1985 жылы туған әйелдер және 2020 жылы туған бала.


Видео: ekaraganda.kz

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама