04 маусым 2020 | 09:18

Қарағандыда мектеп түлектері әкімдік ғимаратын соғып кеткен

© 24.kz

Қарағандыда мектеп түлектері облыстық әкімдіктің бетон қоршауын көлікпен соқты, - деп хабарлайды "Хабар 24".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда мектеп түлектері облыстық әкімдіктің бетон қоршауын көлікпен соқты, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Дереккөз мәліметінше, көлік тізгінінде кәмелет жасқа толмаған бала отырған. Ол көлікті айдай алмаған деген болжам бар.

Реклама
Реклама

Куәгерлердің айтуынша, көлікте болған оқушылар полиция келгенше оқиға орнынан кетіп қалған. Ал көліктің ішінде түлектер лентасын ұмытып кеткен. Енді көлік жүргізу құқығынсыз айдағаны және жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін жасөспірімге 160 мың теңгеден аса айыппұл салынады.

"Тексерген кезде көлік сол балаға тиесілі екенін анықтадық. Бірақ әзірге жүргізуші 18 жасқа толмаған, 26 маусымда толады. Көлік жүргізу куәлігі жоқ. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы келтірілген шығынның сметасын дайындайды, жігіт қайта қалпына келтіреді", - деді Қарағанды полиция басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Ақылбеков.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная