26 маусым 2023 | 10:46

Қарағандыда ойын алаңындағы ТЖ: аудан әкімінің орынбасары қызметінен босатылады

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Екі бала зардап шеккен ойын алаңындағы төтенше жағдайдан кейін аудан әкімінің орынбасары Әлихан Бөкейхан қызметінен босатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Екі бала зардап шеккен ойын алаңындағы төтенше жағдайдан кейін аудан әкімінің орынбасары Әлихан Бөкейхан қызметінен босатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жедел кеңесте Қарағанды ​​облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тиісті тапсырма берді. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарына көгалды орнатқан мердігер әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырды.

"Өткен аптада төтенше жағдай болды. Ересек адамдардың салғырттығынан екі бала зардап шекті. Қарағанды ​​қаласының әкіміне осы салаға жауапты аудан әкімінің орынбасары Әлихан Бөкейханды қызметінен босатуды тапсырамын. Мен бәріне бірнеше рет ескерттім және әр жолы айтып келемін: егер ойын алаңдарын жөндеу керек болса, ең алдымен қауіпсіз жұмыс жасауды ойлаңыз. Мердігерлердің асығып, ақша тапқысы келетінін көріп жүрміз, ал кейбір әріптестеріміз бұған көз жұма қарайды", - дейді Ермағанбет Бөлекпаев.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Ермағанбет Бөлекпаев балалардың ойын алаңдары мен аула аумақтарын абаттандыру ережелерін қайта қарауды ұсынды.

"Жасанды жабынның орнына неге тартпан жабынды қолданбасқа. Осының барлығын зерттеп, өзгерту керек. Біздің мақсатымыз - қауіпсіз балалық шақты қамтамасыз ету. Бұл мәселелерді тезірек шешу керек", - деп қосты Бөлекпаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная