09 тамыз 2021 | 17:38

Қарағандыда "полицейлерді итеріп, мобильді топқа бағынбаған" тұрғындар сот алдында жауап береді

Дина Шарипханова Корреспондент

Қарағандыда мобильді топ мүшелері көпшілік жиналған іс-шараны тоқтату үшін ғимаратқа кіре алмады. Саяжай иелері полиция мен СЭС қызметкерлерін итеріп жіберген. Осыған қатысты әкімшілік хаттама жасалды, енді олар сот алдында жауап береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда мобильді топ мүшелері көпшілік жиналған іс-шараны тоқтату үшін ғимаратқа кіре алмады. Саяжай иелері полиция мен СЭС қызметкерлерін итеріп жіберген. Осыған қатысты әкімшілік хаттама жасалды, енді олар сот алдында жауап береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

8 тамызда Қарағандыда рейд кезінде күтпеген жағдай болған. Мобильді топ өкілдерін ғимаратқа кіргізгісі келмеген тұрғындар жанжал шығарған.

Реклама
Реклама

"8 тамызда сағат 13.30-да Senim 109 бірыңғай үйлестіру орталығының операторларынан Ш. Жандарбекова көшесіндегі жекеменшік үйде іс-шара өткізіліп жатқаны туралы шақырту түсті. Көрсетілген мекенжайға мобильді топ шықты. Оқиға орнына келген бойда коттеджде той өтіп жатқаны расталды. Алайда мобильді топты көріп, үй иелері дөрекі әрекет етті. Олар тәртіп сақшылары мен СЭС қызметкерлерін итеріп жіберді. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған", - деді мобильді топ мүшелері.

Карантинді бұзу дерегін болдырмау үшін мобильді топ мекенжайға полиция жасағын шақыруға мәжбүр болған. Қарсылық көрсеткен тұрғындар полиция бөліміне жеткізілді. Карантинді бұзу дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, коттедж иесі мен оның ағасына полиция мен СЭС өкілдері талабына бағынбағаны үшін әкімшілік хаттама жасалғаны белгілі болды.

"Мобильді топқа бағынбаған карантинді бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.​ Үйдің 50 жастағы иесі және оның 54 жастағы ағасы мобильді топ мүшелеріне кедергі келтірді және оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы "Құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің (әскери қызметшісінің) заңды өкіміне немесе талабына бағынбау" бойынша әкімшілік іс қозғалды. Осы бап бойынша тәртіп бұзушыларға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынады.​ Материал сотқа қарауға жіберілді", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная