16 қараша 2021 11:57

Қарағандыда ірі жол апаты болды: қаза тапқандар бар

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Қарағандыда ірі жол апаты болды. Жеңіл автокөлік қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, автобуспен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда ірі жол апаты болды. Жеңіл автокөлік қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, автобуспен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтас кенті маңындағы Қарағанды - Саран - Шахтинск тасжолында Nissan Sunny жеңіл автокөлігі мен ПАЗ автобусы соқтығысып, жол апаты болған.

Реклама
Реклама

Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan Sunny автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, автобуспен соқтығысқан.

Жол апаты нәтижесінде жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған. Көлік қатты бүлінген, қайтыс болған адамның мәйітін құтқарушылардың көмегімен алуға тура келген. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралды.

"Оқиға кезінде автобуста бес адам болған. Олар зардап шеккен жоқ. Іс полицияда тіркеліп, сараптамалар тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қарағанды облысында бес көлік соқтығысып, ірі жол апаты болғаны хабарланған еді. Нәтижесінде, екі адам қаза тапты. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі жүргізушілерді жолда абай болуға және жол ережесін сақтауға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram