ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қазан 2020 | 10:25
Қарағандыда рейд кезінде 100 адам жиналған той анықталды
Қарағандыда мобильді топ "Фараби" мейрамханасында 100 адамға арналған той банкеті өтіп жатқанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағандыда мобильді топ "Фараби" мейрамханасында 100 адамға арналған той банкеті өтіп жатқанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.
Қалада ойын-сауық орындарын, қоғамдық тамақтану нысандарын, дүкендерді және т.б. тексеру жалғасуда.
"Рейд барысында 10 қазанда Қазыбек би атындағы ауданның мобильді тобы Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаулысының талаптарын бұзғанын анықтаған. Қарағанды қаласы Мұқанов көшесі 28/2 мекенжайы бойынша орналасқан "Фараби" мейрамханасында 100 адамға арналған жаппай үйлену тойы өткізілнені мәлім болды", - делінген хабарламада.
Мейрамхана иесіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады. Оған ҚР ӘҚБК-нің 425-бабының 1-тармағы бойынша жаза қолданылады.
Еске салайық, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы бойынша ("халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу):
- Жеке тұлғаларға - 30 АЕК мөлшерінде (83 340 теңге);
- лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 230 АЕК (638 940 теңге);
- орта кәсіпкерлік субъектілері үшін - 310 АЕК (861 180 теңге);
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 1 600 айлық есептік көрсеткіш (7 500 600 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.
"Сондай-ақ, карантин режиміне қарамастан, Гоголь көшесі, 86 үйде орналасқан Бруклин рестобарында 11 қазанда кешке 200-ге жуық жастар би кешіне жиналған", - деп хабарлады әкімдіктегілер.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также