ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қаңтар 2023 | 11:16
Қарағандыда резонанс тудырған видеодан кейін патрульдік көлік жүргізушісі кінәлі деп танылды
Қарағандыда патрульдік көлік пен ВАЗ көлігінің соқтығысқан сәті түсірілген видеодан кейін қызметтік көліктің жүргізушісі кінәлі деп танылды. Видео әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін резонанс тудырған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағандыда патрульдік көлік пен ВАЗ көлігінің соқтығысқан сәті түсірілген видеодан кейін қызметтік көліктің жүргізушісі кінәлі деп танылды. Видео әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін резонанс тудырған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағанды қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 12 желтоқсанда Нұркен Әбдіров – Ерубаев қиылысында болған жол-көлік оқиғасы бойынша әкімшілік материал қаралды.
Бастапқыда жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша екі жүргізушіге де қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалған. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша айып тағылған.
Сотта патрульдік көлік жүргізушісі Нұркен Әбдіров - Ерубаев қиылысынан өтіп бара жатып, жол қауіпсіздігіне назар аудармай, бағдаршамның жасыл түсіне өтіп келе жатқан ВАЗ көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екі көлікке де механикалық зақым, материалдық шығын келтірілді.
"Сотта патрульдік көлік жүргізушісінің осы құқық бұзушылықты жасаған кінәсі анықталды. Ол баптың санкциясы аясында 20 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл түріндегі жазаға тартылды. Екінші жүргізушіге қатысты іс-әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты өндіріс тоқтатылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ", - деді соттың баспасөз қызметі өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде ВАЗ көлігі мен полиция патрульдік көлігі жол-көлік оқиғасының видеосы тарағаны хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также