Қарағандыда сәби 22 магнитті жұтып қойған

Дина Шарипханова Корреспондент
Қарағандыда сәби 22 магнитті жұтып қойған

Қарағандыда бір жарым жастағы сәби 22 магнит шарды жұтып қойған. Баланың ішінде жарақат пен қызу пайда болып, ауруханаға түсті. Оған дереу ота жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК-ға сілтеме жасап.

Тексеру барысында дәрігерлер баланың ішінде магнит шарлар барын анықтаған, олар бір-біріне жабысып үлгерген.

Дәрігерлер ішкі ағзалардың жыртылып кетуінен қауіптеніп, шұғыл түрде кішкентай науқасқа ота жасады. Қазір ол сауығып келеді.

Жарнама
Жарнама

"Баланы шұғыл түрде дайындап, ота жасадық. Магниттерді алып тастадық. Қазіргі кезде баланың жағдайы тұрақты, жансақтаудан бөлімге ауыстырылды", – деді Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының шұғыл хирургия бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Бердібеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама