30 қазан 2023 | 17:14

Қарағандыда сауда орталығына "бомба қойылғаны" туралы хабарлама тексерілді

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Қарағандыда белгісіз біреу сауда ойын-сауық орталығына "бомба қойылғаны" туралы хабарлаған. Ғимараттан 350-ге жуық адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда белгісіз біреу сауда ойын-сауық орталығына "бомба қойылғаны" туралы хабарлаған. Ғимараттан 350-ге жуық адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде видеолар пайда болды. Кадрларда сауда үйінің маңында көп адам жиналғанын көруге болады. Оқиға куәгерлері эвакуация кезінде ғимарат ішіндегі дүрбелеңді де видеоға түсіріп алған.

Реклама
Реклама

"Біз осы сауда үйінде жүргенбіз. Кенет ғимараттан шығуды өтінді. Адамдар асығыс бутиктерден шығып, далаға асыға бастады. Бізге ғимаратта бомба болуы мүмкін екенін айтты", - дейді куәгерлердің бірі.

Қоңыраудан кейін бірнеше минуттан соң барлық жедел қызмет сауда орталығына жиналды. Кинологтар ғимаратты тексергенімен, ғимараттан қауіпті немесе жарылғыш зат табылмаған.

"Сағат 14:40-та сауда үйінің ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті. Полиция департаментінің жедел кезекшілері оқиға орнына барлық жедел қызметті жіберді. Ғимарат тексерілді. Ешқандай жарылғыш зат табылмады. Сағат 15:45-те "аяқтау" пәрмені берілді. Бұл факт полицияға тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная