26 ақпан 2019 08:23

Қарағандыда травматология орталығынан өрт шықты

Камила Долаева Журналист

Қарағандыда облыстық травматология және ортопедия орталығынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда облыстық травматология және ортопедия орталығынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК қызметіне сілтеме жасап.

Сәкен Сейфуллин көшесіндегі өрт туралы хабарлама 23.30-да келіп түсті.

Реклама
Реклама

"Өрт сөндіру қызметі келген сәтте "Х. Ж. Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығында" жиһаз, түрлі заттар, терезе блогы, тұрмыстық техника, ағаш қабырға мен 1 және 2-қабаттар арасындағы 20 шаршы метр алаң жанып жатқан", - делінген хабарламада.

ТЖК ақпаратына сәйкес, құтқару қалпақтары мен зембілдердің көмегімен 22 науқас ғимараттан шығарылды. Олар орталықтың негізгі бөліміне жатқызылды. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Өрт 00.16-да ауыздықталды. Оның шығу себебі анықталып жатыр. Өрт сөндіруге 52 ТЖК қызметкері мен 11 техника жұмылды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram