ПОДЕЛИТЬСЯ
21 қыркүйек 2021 | 21:55
Қарағандыдағы қайталама шикізат өңдеу кәсіпорнында өрт шықты
Қайта өңдеу кәсіпорнының аумағында өрт шықты. Өрт сөндіруге Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері жұмылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қайта өңдеу кәсіпорнының аумағында өрт шықты. Өрт сөндіруге Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері жұмылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағандылықтар әлеуметтік желілерде Қарағанды-Сортировочная станциясында түсірілген бейнежазбалар мен суреттерді жариялап жатыр. Кадрларға қарағанда, өрт қалдықтарды кәдеге жаратумен және қайталама шикізатты қайта өңдеумен айналысатын Ecoindustry ЖШС кәсіпорны аумағында шыққан. Қарағанды облыстық ТЖД жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Шикізат өңдеу ЖШС аумағында пайдаланылған автошиналар өртеніп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт аумағы - 300 шаршы метр. Өртті сөндіруге ТЖД күштері жұмылды", - деп атап өтті Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.
Сондай-ақ, Департамент ғимараттар мен тұрғын үйлерге ешқандай қауіп жоғын хабарлап отыр. Өрт ашық жатқан жерде шыққан.
Толықтырылған ақпарат:
Кейінгі мәлімет бойынша, өрт аумағы 1000 шаршы метрге жеткен.
"4 жауынгерлік учаске ашылды. Оқиға орнында 12 дана техника, оның ішінде 30 тонналық автоцистерна, ТЖД жеке құрамының 45 адамы, сондай-ақ 100 тонна сыйымдылығы бар ҚТЖ өрт пойызы жұмылдырылды", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Еске салайық, 18 қыркүйекте Қарағанды облысының үш ауданында дала өрті болған. Өрт Ақтоғай, Қарқаралы және Шет аудандарында үш мың гектар жерді шарпыды. Құтқарушылар бір тәулік ішінде алты дала өрті мен өртті сөндірген.
Қатты жел салдарынан адамдар күйіп қалған. Өртті сөндіруге жалпы 300-ден астам адам мен 90-нан аса техника тартылған.
Дала өрттерін сөндіру кезінде үш ауыл тұрғыны зардап шеккен. Олар медициналық мекемеге жеткізілген. Кейін олардың бірі ауруханада қайтыс болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также