ПОДЕЛИТЬСЯ
02 маусым 2021 | 09:04
Қарағандыдағы көпқабатты үйде жарылыс болып, бір адам қаза тапты
Қарағандыда Гоголь көшесіндегі көпқабатты үйде жарылыс болды. Апат салдарынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағандыда Гоголь көшесіндегі көпқабатты үйде жарылыс болды. Апат салдарынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға сейсенбі, 1 маусымда, жергілікті уақыт бойынша 19.57-де болды. Куәгерлер бірден құтқарушыларды шақырған. Олардың айтуынша, жарылыс газ баллонынан болуы мүмкін.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі оқиғаға түсініктеме берді. Ведомство хабарына қарағанда, үйде газ-ауа қоспасы жарылған.
"Бес қабатты тұрғын үйдің екі бөлмелі пәтерінде газ-ауа қоспасы жарылған, бірақ ол өртке айналмады. Оқиға салдарынан үйдің тіреуіш құрылымдары зақымдалмаған, тек тек пәтердің бөлмелері зақымданған", - деді ведомство өкілдері.
Оқиға орнында құтқарушылар қаза болған адамды тапты. Оның жеке басы әлі анықталған жоқ. Оқиғадан кейін үйдің басқа пәтерлерінен 10 адам эвакуацияланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также