07 желтоқсан 2021 18:24

Қарағандыдағы ірі жол апатынан бес адам зардап шекті

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда үш жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысты. Салдарынан бес адам ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда үш жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысты. Салдарынан бес адам ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты Майқұдық пен Сортировка арасындағы тасжолда болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сортировка - Караганда #1. (@sortirovka.srt)

Nissan маркалы көлігі Toyotа-мен, одан кейін КамАЗ көлігімен соқтығысқан. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі жол апатынан қашуға тырысып, қарсы жолаққа шығып, Reno-мен соқтығысқан.

"Соқтығысқан көліктер арыққа құлап кеткен. Жүргізушілер ауруханаға түсті. Көліктерге механикалық зақым келген.​ Бұл дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Караганда | Новости | Дороги (@dorogi_karagandy)

Дәрігерлер оқиға орнынан бес адам ауруханаға түскенін хабарлады. Олардың денелері көгеріп, жабық ми жарақаттарын алған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Караганда | Новости | Дороги (@dorogi_karagandy)

Сондай-ақ, бүгін Қарағанды-Балқаш тасжолында автобус арыққа құлап кетті. Жол апаты кезінде көліктің салонында үш адам болған. Олар да ауруханаға жатқызылды.


"Бұл оқиға да полицияда тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп толықтырды ведомствода.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети