ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қазан 2023 | 17:49
Қарағандыдағы сауда орталығында 3 жастағы баланың қолы эскалаторға қысылып қалған
Қарағандыдағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде 3 жастағы баланың қолы эскалаторға қысылып қалған. Зардап шегуші ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағандыдағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде 3 жастағы баланың қолы эскалаторға қысылып қалған. Зардап шегуші ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға Global City сауда орталығында болған. Куәгерлердің айтуынша, бала эскалаторда тұрғанда сүрініп кеткен, содан кейін оның оң қолы эскалатордың қозғалатын бөлігі арасында қалып қойған. Баланың қолын шығару үшін құтқарушыларды шақыруға тура келген.
"Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері арнайы құралды пайдаланып, эскалатор құрылымдарынан 3 жасар баланың қолын шығарып алды. Ол жедел жәрдем бригадасына тапсырылды", - деп хабарлады Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі.
"Жағдайы ауыр. Оған ота жасалып жатыр. Оған толық медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также