10 қыркүйек 2024 | 08:51

Қарағандыдағы түнгі клубта арнайы операция жүргізілді

видео кадры

Қарағандыдағы түнгі клубтардың бірінде полицияның арнайы жасақтары операция жүргізді. Нәтижесіде мефедрон сатқан адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыдағы түнгі клубтардың бірінде полицияның арнайы жасақтары операция жүргізді. Нәтижесіде мефедрон сатқан адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол 30 жастағы клуб қызметкері болып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мекеменің клиенттеріне ұзақ уақыт бойы синтетикалық есірткі сатып келген.

"Полицейлер арнайы іс-шара өткізді, оның барысында синтетикалық есірткі заттарын өткізу деректері тіркелді. Ұсталған кезде 30 жастағы күдіктіден синтетикалық есірткі - мефедрон табылып, тәркіленді. Сондай-ақ, түнгі клубта санкцияланған тінту кезінде 40 травматикалық патрон тәркіленді", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Ұсталған адам тұратын жалдамалы пәтерде де тінту жүргізілді. Полицейлер түрлі есірткі заттарын тәркілеген.

"Оның ішінде: пакеттер, шегуге арналған түтіктер, есірткіні қолдануға арналған аппарат, электрон таразы және ұялы телефондар. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр. Істің негізгі қатысушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп толықтырды ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Бүгін Отбасы күні
Орны бөлек оңалту орталығы