ПОДЕЛИТЬСЯ
14 шілде 2021 | 12:13
Қарағандыдағы вакцинация пунктерінде ұзын-сонар кезек пайда болды
Қарағандыда тұрғындар жаппай вакцина салдыруға кірісті. Салдарынан вакцинация пункттерінде ұзын-сонар кезек пайда болды. Дәрігерлер тұрғындарды қабылдауға үлгермей, екі есе көп жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat ақпараттық қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағандыда тұрғындар жаппай вакцина салдыруға кірісті. Салдарынан вакцинация пункттерінде ұзын-сонар кезек пайда болды. Дәрігерлер тұрғындарды қабылдауға үлгермей, екі есе көп жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat ақпараттық қызметіне сілтеме жасап.
"Қала емханаларындағы егу пунктерінде адам толы. Таңертеңгі 7-ден бастап адамдар вакцина алу үшін кезекте тұр. Қазір № 1 емханадамыз. Мұнда кезекте тұрған 100-ге жуық адамды санадым. Олар мұнда 3-4 сағаттап тұрады. Дәрігерлердің айтуынша, вакцина алғаннан кейін де жарты сағат күту керек. Вакцинация процедурасы бірнеше минутты алады. Жұрт қарапайым орындық жоқ екенін айтып, жағдай жасалмағанына наразылық білідіріп жатыр", - деді Қарағанды тұрғыны Марина Аксенова.
Неге вакцина алуды ұйғарғанын сұрағанда, әйел "жұмысынан айырылып қалам ба" деп қорқатынын айтты.
Майқұдықтағы бірінші емхананың егу кабинеті күніне 120 адам ғана қабылдай алады, іс жүзінде 300 адамға дейін қабылдап жатыр. Дәрігерлер Қазақстанда вакцинация ақпанда басталғанын, бірақ бұған дейін мұндай жағдай болмағанын айтты. Адамдар соңғы аптада вакцина алуға жаппай ағылған.
"Бізде ақпан, наурыз, сәуірде вакцинация орталығы бос болды, ал қазір жағдай осындай. Біз дайынбыз, бірақ бұл артық. Сауда үйлерінде де орталықтар ашылған. Екінші вакцинация орталығын ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр", - деді № 1 емхана директорының орынбасары Рамина Габдракипова.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также