Қарағандының орталығында ғимарат опырылды: ішінде 15 адам болған

Дина Шарипханова Корреспондент
Қарағандының орталығында ғимарат опырылды: ішінде 15 адам болған Фото ©️ Tengrinews.kz

Қарағанды қаласының орталығында ғимарат опырылды, ішінен 15 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды қаласының орталығында ғимарат опырылды, ішінен 15 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқыс оқиға 29 шілдеде сағат 15:45 шамасында Қазыбек би ауданында болған. Ерубаев көшесіндегі банктердің бірінің бұрынғы ғимаратында төтенше жағдай туындаған. Ол Bolashaq академиясы ғимаратының маңында орналасқан, ресми мәліметтерге сүйенсек, ғимарат жұмыс істемеген.

Жарнама
Жарнама

Алдын ала ақпарат бойынша шатырдың ағаш тақтайшасы, үшінші қабаттан бірінші қабатқа дейінгі еденаралық төбелер, сыртқы қабырға опырылған.

Төтенше жағдай 150 шаршы метр аумақта болған.

Ғимараттың ішінде жөндеу бригадасы болды. Құтқарушылар 15 жұмысшыны жедел түрде эвакуациялаған. Зардап шеккендер жоқ. Аумақ қоршалған.

Оқиғаның нақты себебін мамандар анықтайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама