Қарқаралы тауларында екі шетелдік азамат жоғалып кетті
Құтқарушы қызметкерлері "Сосновый Бор" шипажайында демалып, тауда адасып кеткен Ұлыбритания мен Түркия елінің азаматтарын тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің баспасөз қызметіндегілерге сілтеме жасап.

"7 қазанда сағат 03.07-де Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында екі адам жоғалып кетті деген хабар түсті. 1990 жылғы британ азаматы мен 1992 жылғы түрік азаматы "Сосновый Бор" шипажайынан таулардағы өзендерді көруі үшін шығып, кері оралмаған", - деді ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Құтқарушылар Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының және ішкі істер органдарының қызметкерлерін іздестіру іс-шараларына тартты.
"Таңғы алтыда құтқару қызметкерлері Қарқаралыдан 200 шақырым қашықтықта орналасқан Кендары орманшылар сағасынан тапты. Құтқарушылардың көмегімен шетелдіктер Қарақаралыға жеткізілді және олар медициналық көмекке мұқтаж болмады", - деді ол.