15 желтоқсан 2023 12:32

Қарлы боран салдарынан 100-ден аса көлік Қырғызстан шекарасында тұрып қалды

видео кадры

Қазақстанда Алматы-Ташкент тасжолында тұрып қалған азаматтарға Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі көмекке келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда Алматы-Ташкент тасжолында тұрып қалған азаматтарға Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі көмекке келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, 14 желтоқсанда жолаушылар мінген 100-150-ге жуық көлік Алға мен Қордай ауылдарының арасында тұрып, қарлы боран салдарынан Қырғызстанға бара алмай қалған.

Реклама
Реклама

Қазақстан бойынша, Төтенше жағдайлар департаменті 99 құтқарушы мен 37 ауыр техника жұмылдырды.

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі 39 құтқарушы, 5 ауыр техника, 1 жүк көлігі және 2 қарда жүретін көлік жіберді.

"Сағат 03:05-те құтқарушылар "Ақ-Жол" бақылау-өткізу бекетіне кетті. Олар 08:15-те Қазақстан аумағында болды", - деп хабарлады Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram