20 маусым 2021 | 16:00

"Қасақана жасалған". Павлодарда тігін ательесі өртеніп кетті

Белгісіз біреулер Павлодардың орталығындағы тігін ательесін өртеп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Белгісіз біреулер Павлодардың орталығындағы тігін ательесін өртеп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Салдарынан ғимарат толық өртеніп кеткен. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері ательені біреулер қасақана өргенін айтады. 

Куәгерлер түнде болған өртті видеоға түсіріп, Instagram желісіне салған. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ательеде өрт шыққаны туралы хабар екі күн қатарынан түскен. Бірінші хабар 19 маусымда шамамен сағат 01.22-де түскен. Оқиға орнында бір қабатты ағаш ғимараттың ағаш шатыры, пластикалық терезенің ағаш әрлеуі жанғаны анықталған. 

Реклама
Реклама

Өртсөндірушілер шатырға үш иінді баспалдақ орнатылды. Жалпы 25 шаршы метр өртенген. Бір сағаттан кейін өрт сөндірілді. 

Ательеде екінші өрт 20 маусымда сағат 00.38 шамасында болған. Бұл жолы шатырдың ағаш құрылымдары толығымен өртеніп, 550 шаршы метрлік ағаш қабырға жартылай өртеніп кетті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. 

"Сынақ өрт зертханасының қорытындысы бойынша, өрт қасақана жасалғаны анықталды. Болған оқиғаға байланысты материалдар полицияға берілді. Зардап мөлшері анықталып жатыр", - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная