22 қараша 2022 15:57

Қаскелеңде 17 жастағы қызды екі көлік қағып кеткен

Дина Шарипханова Корреспондент

Қаскелеңде 17 жастағы қызды екі көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаскелеңде 17 жастағы қызды екі көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Қаскелең қаласында Сүлейман Демирел университеті маңындағы Абылай хан көшесінде болған ЖКО салдары түсірілген видео пайда болды. Видеода зардап шеккен қыз бен жедел жәрдем көрсетілген.

Алматы облысының полициясы 20 қарашада сағат 20:30-да Mitsubishi көлігін тізгіндеген 58 жастағы жүргізуші белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткенін хабарлады.

Реклама
Реклама

"Соққыдан жаяу жүргінші қарсы жолаққа ұшып кеткен, сол жерден оны басқа Mercedes-Benz көлігі қаққан. Оқиға салдарынан түрлі дене жарақаттарын алған 17 жастағы қыз Қаскелең қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды", - деді полициядағылар.

Дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігі "Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң адам денсаулығына зиян келтiрiп жол қозғалысы ережелерiн бұзуы" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram