ПОДЕЛИТЬСЯ
02 шілде 2020 | 17:15
Қаскелеңде фейк хабарламадан соң ХҚКО-да ұзын-сонар кезек болды
Алматы облысы Қаскелең қаласында ХҚКО алдында фейк салдарынан ұзын-сонар кезек болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысы Қаскелең қаласында ХҚКО алдында фейк салдарынан ұзын-сонар кезек болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кезектегі адамдардың видеосы @kaskelenkz паблигінде жарияланды. Кадрда адамдар қоршаудан өту үшін бір-біріна қатты жақын тұр. Екі метр қашықтық деген ереже сақталмаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz) 1 Июл 2020 в 11:34 PDT
Жазбаның астында адамдар Egov.kz қосымшасы істен шығып қалғаны үшін онлайн қызмет көрсетпей жатқанын жазды.
"Egov деген мүлдем жұмыс істемейді: қосымшасы да, сайты да. Көптеген қызметін алып тастапты, әдейі ме? Атаулы әлеуметтік көмек жолағы мүлдем жоқ және қоспады. Құжаттарды сонда қалай тапсырамыз?" - дейді қазақстандықтар.
Бұл мәселеге қатысты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіндегілер түсініктеме берді. Олар мұндай кезекке egov.kz порталы жұмысының еш қатысы жоқ екенін айтты. Себебі ол штаттық режимде жұмыс істеп тұр екен.
"Жақында карантин күшейтіліп, ХҚКО жабылады деген жалған ақпарат тараған соң Қарасай ауданындағы фронт-кеңсенің алдына жұмыс күні басталмай-ақ ұзын-сонар кезек болды. Вирустың таралу қаупі жоғары болғандықтан, ХҚКО ішіне адамдар көп жиналмауы үшін топ-топ қылып кіргізіп жатыр", - деп түсіндірді ведомстводағылар.
Мемлекеттік корпорация өкілдері ХҚКО-ның жұмыс кестесін де айтты.
"Коронавирус инфекциясының жаппай таралуына байланысты Алматы облысы бас санитар дәрігерінің шешіміне сәйкес, ХҚКО сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді. 5 шілдеден бастап карантин шаралары күшейгенімен, ХҚКО жұмыс істей беретінін атап өткіміз келеді", - деп қосты мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметіндегілер.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также