10 тамыз 2015 16:42

Қаскелеңде жүріп бара жатқан көлік төбесінен балалардың шығып алғаны видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© YouTube кадры © YouTube кадры

Алматы облысының Қаскелең қаласында жүріп бара жатқан көліктің люгінен балалардың шығып тұрғаны видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға көліктер көп жүретін жерде болады. Mercedes А-класстың төбесіндегі люктен шамамен 10 жастағы қыз бен 6 жастағы бала шығып алған.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізуші ҚР ӘҚ-ның бабын бұзған. Қарасай аудандық ІІБ полиция басқармасының қызметкерлері көлік тізгінінде болған әйелді ұстап, оған 9910 теңге көлемінде айыппұл салды. Баспасөз өкілдерінің айтуынша, полицияға құқықбұзушылық жайлы WhatsApp мессенджерінің +77079223233 номері арқылы білген. Видео авторлары шағымды осы номерге жіберіпті.

Еске салайық, осыған ұқсас жағдай Алматы қаласында да болған еді. Алматы полициясы достарын көліктің үстіне шығарып қыдыртқан жүргізушіні жазалады. Үш жігіттің жүріп бара жатқан көліктің үстіне шығып алғаны жазылған видео таяуда Желіде жарияланды. Полицейлердің мәлімдеуінше, видеодағы жазбадан жол қозғалысы, нақтырақ айтқанда жолаушыларды тасымалдау ережесінің өрескел бұзылғанын көруге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети